Мектеп тарихы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Almaty region білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)73-22-6-80
bookkeeping:
+7(727)73 95-3-91
Version for
visually impaired
01
September
2021

Мектеп тарихы

"Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын" дегендей жас ұрпаққа сапалы, өнегелі тәрбие мен білім беру- бүгінгі күннің басты талабы. Мектептің тірегі -оқыта білетін мұғалім" -деп А.Байтұрсынұлы айтқандай Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп ұжымының да білім саласына қосқан үлесі зор. Ы.Алтынсарин ұжымы оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие білім беру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Мектеп 1990 жылы құрылып, 1991 жылы ашылды. Алғаш бұл мектеп Ұлы Жеңістің 40 жылдығына орай 1985 жылы "Жеңіс" шағын жинақталған бастауыш мектебі болып ашылған. 1990-1991 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орталау мектеп болды. 1992-1993 жылы аталған орталау мектеп Балқаш аудандық атқару комитетінің ҮІІ сессиясында орта мектеп болып ашылу шешімі қабылданды.