Оқушылардың зияткерлік жарыстардағы жетістіктері » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)73-22-6-80
Есепші бөлімі:
+7(727)73 95-3-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушылардың зияткерлік жарыстардағы жетістіктері
5-6-сынып оқушыларына арналған аудандық пән олимпиадасы
02
декабрь
2022
5-6-сынып оқушыларына арналған аудандық пән олимпиадасы
Балқаш аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ақдала орта мектебінде 5-6-сынып оқушыларына арналған аудандық пән олимпиадасы ұйымдастырылды. Аталған олимпиадаға мектебіміздің 5-6-сынып оқушылары барып қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Атап көрсететін болсақ:  Наухан Диана 6-сынып -1 орын қазақ тілі әдебиеті пәнінен Ерназқызы Арай 6-сынып -2 орын жаратылыстану пәнінен Серікбайқызы Ділназ 6-сынып - 2 орын орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Ертайқызы Нұрсұлу 6-сынып -3 орын Қазақстан тарихы
Облыстық пән олимпиадасы
30
март
2022
Облыстық пән олимпиадасы
Қазақстан тарихы пәнінен аудандық пән олимпиадасынан І орынды иеленіп, Облыстық кезеңде ІІІ орынды иеленгені үшін 11 оқушысы Әнуарқызы Сара марапатталады. Тарих пәнінің мұғалімі Койшыгулова Гульбану Кабиевна
Қадыр оқулары
15
март
2022
Қадыр оқулары
Аудандық "Қ.Мырза Әлі" оқуының "Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін" кезеңінде "Білімді оқушы" номинациясын 8-сынып оқушысы Серік Саян, "Кейбір  жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда..." кезеңінде ІІІ орынды 8-сынып оқушысы Нұрлан Нұрсүлтан иеленсе, "Сөздің бәрі құдіретті..." кезеңінде 7-сынып оқушысы Жамбылқызы Нұрайым бас жүлдені иеленіп, облыстық Қадыр оқулары онлайн байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тәліпбай Айман