Республика күні » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)73-22-6-80
Есепші бөлімі:
+7(727)73 95-3-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
ноябрь
2023

Республика күні


          Мектеп кітапханасында  24.10.2023 ж Республика күніне байланысты көрме өтті.

      Көрменің негізгі  мақсаты: оқушыларды ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Тәуелсіз мемлекетке қол жеткізудегі бабаларымыздың аянбай тер төгіп , талай шайқастарды басынан кешкендігі турады баяндау. 

       Жоғалып қайта оралған мерекеміз жайлы түсінік беру. Көрме барысында оқушыларға тарихымыз жайлы тереңірек мағлұмат берілді, республика күніне деген өз ой- пікірлерін ортаға салды. Сұрақ жауап қою арқылы білімдерін дамытты.   Қазақстанның рәміздерінің шығу тарихымен, авторларын қайталап еске салу барысында ойларына түсіру ойыны ойнатылды. « Сұрақ буклеті»  атты ойын ойнатылды бул жерде оқушыларға сұрақтар қойылды, мысалы:Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай не болды? Қазақстан қашан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды?  «Тәуелсіздік» дегенде ойыңызға алғаш не келеді? Елтаңбадағы шаңырақ нені білдіреді? Қазақстан Республикасының әнұраны кашан қабылданды? Қазақстан Республикасының жер көлемі қанша ? Тағы басқа осындай сұрақтар қою арқылы ойын жүргізілді. Қазақстанның энцеклопедияларынан үзінділер оқылды. Көрме жоғары дәрежеде өтті.

Похожие публикации:

01 октябрь 2021 ҚАРТТАР КҮНІ
05 октябрь 2021 ҰСТАЗДАР КҮНІ