Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған көрме » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)73-22-6-80
Есепші бөлімі:
+7(727)73 95-3-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған көрме
02
ноябрь
2023

Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған көрме



        Мектеп кітапханасында қазан айындағы жоспар бойынша Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған көрме өткізілді. 

     Көрменің басты мақсаты оқушыларға детектив жанырының көшбасшысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаев  туралы жан – жақты түсінік қалыптастыру. 

        Кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы білімдерін толықтыра түсу. Бұл көрмеде жазушының өмірбаянымен, шығармаларымен таныстық. 

 Кемел Тоқаев –соғыс тақырыбына арналған сүбелі шығармаларымен қатар, қазақ әдебиетіндегі детектив жанырының жолын ашқан қаламы қарымды көрнекті жазушы, оқырманды баурап алар шытырман оқиғалы  көптеген роман, повестерімен қалың қауымның ықылас –ілтипатына бөленген қаламгер туралы жан-жақты мағлұматтар берілді. 

    Оқушылар детективтік шығармаларды оқуға талпынатыны туралы өз пікірлерін ортаға салды. Көрменің тәрбиелік мәні зор болды.