"Өркен" бастуыш бірлестігінің апталығы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)73-22-6-80
Есепші бөлімі:
+7(727)73 95-3-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Өркен" бастуыш бірлестігінің апталығы
18
январь
2024

"Өркен" бастуыш бірлестігінің апталығы





     2022-2023 оқу жылында қараша айының 14-нен 25-сі аралығында «Өркен» бастауыш сынып бірлестігінде «Білімнің негізі - бастауыш» атты онкүндігі  өтті.   Онкүндіктің жоспары құрылып, бекітілді.

  Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыш сыныптан басталатындықтан, онкүндікте оқушыларды білімге, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізу. Оқушыларды білімдарлыққа, ізденімпаздыққа, спортты сүюге, өнерді бағалауға тәрбиелеу.

   Онкүндіктің жоспарында бастауыш сынып пән мұғалімдерінің ашық сабақ, ашық тәрбие сағаты, сыныптан тыс шара, үзілісте өткізетін он  минуттық шаралар,  оқушыларға арнайы дайындалған метаграммалар, сөзжұмбақтар, логикалық ойындар, ұйқасын тап, айырмашылығын тап, ребустар, мультфильм үзінділерінен суреттер, орыс тілінде сөзжұмбақтар сияқты тапсырмалар беріліп, ағылшын тілінде ребустар енгізілді. 

    Қараша  айының 14 күні  10 минуттық үзілісте онкүндіктің «Білімнің негізі - бастауыш» атты ашылу салтанаты өтті. Бастауыш сынып оқушыларының шағын әдеби-музыкалық монтажынан кейін бірлестік жетекшісі Ибраева Н. сөз алып, онкүндіктің жоспарымен таныстырып, берілген тапсырмаларды орындап, онкүндікке барлық оқушылардың ат салысуын талап етті. Қарашаның 15 күні 2-3-4 сыныптар арасында өткен «Үздіктердің үздігі» тақырыбындағы сыныптан тыс шара да өз мәнінде өтіп, оқушылардан құралған   топтар сайысқа түсті. Сайыс слайдпен жасалған бәйге, тіл өнер сайысы, жеті жұмбақ, дода сияқты бөлімдерден  тұрды. Нәтижесі «Болашақ» тобы өз білімдерін ортаға салып 190 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші «Бірлік» тобы 185 ұпай иеленді. 15 қарашада 1-сыныпта математикадан Ибраева Наталья «Қосу және азайту» тақырыбында, 16 қарашада 4-сыныпта ағылшын тілінен Октябрь Аяжан «Treasure and numbers» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Қарашының 17 күні Есенкелді Қаракөз мектепалды даярлық тобында көркем әдебиеттен «Ақымақ қасқыр» тақырыбында сабақ өтсе, 4-сыныпта  Нұрмұхан Маржан жаратылыстану пәнінен «Жүйке жүйесінің маңызы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 19 қараша күні Сүндетбаева Айман  3-сыныпта  жаратылыстану пәнінен «Өкпені шынықтыру» тақырыбында сабақ өткізді. 21 қараша күні Амирбаева Балқия 2-сыныпта қазақ тілінен «Хабарлы сөйлем» атты ашық сабақ өтсе, орыс тілі мұғалімі Наухан Айжан 3-сыныпта «Время в фольклоре» тақырыбында сабақтарын өткізді.  Жоспарда тұрған ашық сабақтар өз мәнінде өтті.  10 минуттық үзіліс кезінде  ағылшын тілі мұғалімі Октябрь Аяжан  жасырған жұмбақтарының жауабын үш тілде айтқызса, Амирбаева Балқия «Кім көп біледі?», Есенкелді Қаракөз «Психологиялық тренинг», Сүндетбаева Айман «Логикалық сұрақтар» тақырыбында дүниетанымдық ойындар өткізді, орыс тілі мұғалімі Наухан Айжан «Весёлые вопросы», Нұрмұхан Маржан  «Жалғасын тап...», Ибраева Наталья «Ойлан, тап!» тақырыбында қызықты сұрақтар сайысын өткізсе, Құдайбергенов Н. спорттық жарыс жүргізді. Қарашаның 25 күні онкүндіктің жабылу салтанатынан кейінгі қорытындысында  білімдерін көрсетіп, белсенділік танытып, жақсы қатысқан оқушылар  марапатталды.