. » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)73-22-6-80
Есепші бөлімі:
+7(727)73 95-3-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
сентябрь
2017

.

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп МДШО» мкм бойынша
«Қамқоршылық» кеңесінің кезекті отырысының
ХАТТАМАСЫ


4.09.2017
Қатысқаны: 5
Қатыспағаны: жоқ
Қатысушылар:
1. Х.А.Иманбеков- мектеп директоры
2. Х.Абдрахманова - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Б.Бағдаулетова - бастауыш сынып мұғалімі
4. Қ.Нұрланов- ақсақалдар алқасының төрағасы
5. А.Ұзақбаева - ата-аналар комитетінің төрайымы
Күн тәртібінде:
«Бақытты балалық шақ» ұранымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көрсетілген көмек туралы. Баяндамашы: Х.Абдрахманова
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Х.Абдрахманова «Бақытты балалық шақ » ұранымен өткізіліп отырған«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 125 000 мың теңгеге 24 оқушыға мектеп мұғалімдері мен ауыл азаматтары көмек көрсетті. Оған акция аясында көмекке өте мұқтаж деген оқушыларға яғни тұрмысы төмен , көпбалалы, жартылай жетім, толық емес отбасы балаларына көмек көрсетілді. Жалпы өтініш берген ата-аналардың тізімін оқып шығып, көп балалы отбасынан-12 балаға, тұрмысы төмен -4 балаға, жартылай жетім-2 балаға, толық емес отбасының -6 балаға көмек көрсетілді. Мектепке қажетті құрал-жабдықтар алуға,киіммен қамтамасыз етуге мектеп формасын, аяқ киім алып беруге келісті.

Комиссия ата-аналар ұсынған құжаттарды қарап, қаулы етеді:
1. Төмендегі тізімдегі 24 оқушыға «Бақытты балалық шақ» ұранымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясында мектеп мұғалімдерінен , демеушілерден түскен 124 мың теңге қаржыға әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, тұрмысы төмен отбасы балаларына мектепке қажетті мектеп формасы , аяқ киіммен көмек көрсетілсін.






Кеңес төрағасы Х.А.Иманбеков
Хатшы: Х.Абдрахманова


«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп МДШО» мкм бойынша
«Қамқоршылық» кеңесінің кезекті отырысының
ХАТТАМАСЫ №


25.08.2017
Қатысқаны: 5
Қатыспағаны: жоқ
Қатысушылар:
1. Х.А.Иманбеков- мектеп директоры
2. Х.Абдрахманова - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Б.Бағдаулетова - бастауыш сынып мұғалімі
4. Қ.Нұрланов- ақсақалдар алқасының төрағасы
5. А.Ұзақбаева - ата-аналар комитетінің төрайымы

Күн тәртібінде:
«Қамқоршылық кеңесті құру және оның құрамын бекіту»
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауыл ақсақалдар алқасының төрағасы Қ.Нұрланов қамқоршылық кеңестің өткен жылға атқарған жұмысы жайында айтып өтті. Қ.Нұрланов өз сөзінде: «Қамқоршылық кеңестің негізгі мақсаты- мектеп жарғысына сәйкес мектептің миссиясын, міндеттері мен стратегиясын анықтау және алға жылжыту»- болатындығын айта отырып, негізгі міндеттерін де атап өтті.
Жиналыс соңында жарыссөзге қатысқандардың ортақ шешімімен қамқоршылық кеңестің бұрынғы мүшелрін қайта сайлауды ұсынды. Ұсынысты барлығы бірауыздан қолдады.

Кеңес қаулы етеді:
Төмендегі адамдардан кеңес құрамы бекітілсін:
1. Х.А.Иманбеков- мектеп директоры
2. Х.Абдрахманова - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Б.Бағдаулетова - бастауыш сынып мұғалімі
4. Қ.Нұрланов- ақсақалдар алқасының төрағасы
5. А.Ұзақбаева -ата-аналар комитетінің төрайымы





Кеңес төрағасы Х.А.Иманбеков
Хатшы: Х.Абдрахманова


















«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп МДШО» мкм бойынша
«Қамқоршылық» кеңесінің кезекті отырысының
ХАТТАМАСЫ №

Қатысушылар:5
25.12.2017
Қатысқаны: 5
Қатыспағаны: жоқ

Күн тәртібі:
1.І жарты жылдық бойынша қамқоршылық кеңестің атқарған жұмысының есебі.
2.Қайырымдылық көмектің жұмсалуы.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңестің төрағасы Х.Иманбеков «Мектепке жол» акциясы барысында жартылай жетім және тұрмысы төмен отбасының балаларына көрсетілген көмек жайында (тамыз айының 1-10 аралығында 24 000т.көлемінде және 10-20 аралығында 60000 және 20-30 аралығында 40000тг көлемінде көрсетілген көмек ) және қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша тұрмысы төмен отбасынан шыққан 4-сынып оқушысы Замир Өскеленованың және Бекмұратова Мадинаның аудандық шыршаға барып келгендігі жөнінде айтылып өтті.
Екінші мәселе бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы Ұзақбаева Ардақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына желтоқсан айында қыстық аяқ киіммен мектеп мұғлімдерінің көмек көрсетілгендігі жөнінде айта отырып, мұғалімдерге алғысын жеткізді. Бұндай көмектер алдағы уақытта да өз жалғасын табатындығын айтып өтті.

Кеңес қаулы етеі:
1.І жарты жылдықта кеңестің атақарған жұмысы «қанағаттанарлық» деп танылсын.






Кеңес төрағасы Х.А.Иманбеков
Хатшы: Х.Абдрахманова


Похожие публикации:

09 сентябрь 2017 Мектеп тарихы
09 сентябрь 2017 Мектеп мәліметі