Туған жер - тал бесігім » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)73-22-6-80
Есепші бөлімі:
+7(727)73 95-3-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
ноябрь
2018

Туған жер - тал бесігім

Тақырыбы: Туған жер - тал бесігім
Мақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: АҚТ Слайдтар.
Жүрісі:
Мұғалім: Армысыздар, қәдірменді ұстаздар және оқушылар, қонақтар! Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндіріп отырған ғаламдық «Экология» мәселесіне үн қосу үшін «Туған жер - тал бесігім!» атты кешімізге хош келдіңіздер! Иә, осынау кең - байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бар, сендер секілді болашақ ұрпағы бар мәңгілік ел, туған жеріміз – Қазақстан деп аталады. Бүгін сіздердің туған ел, туған жер, табиғат туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.
Мұғалім сөзі: *Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?
- Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. - Табиғатты қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген

Ой-қорыту: Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған келелі де,кұрделі де мәселелердің бірі – табиғат ананы қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдаланып, кейінгі ұрпаққа қалдыру. Халқымыз ата заманнан бері жерін,суын қадірлеп,қасиет тұтқан. Кейінгі ұрпаққа үлгілі,өнегелі тәрбиелік мұрағат боларлық мына жолдарды есте сақтайық.
Армысың,шапағатты Аспан!
Армысың, мейірімді Жер!
Армысың, шұғылалы Күн!
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз дос болайық!
Біздің ұранымыз:
• Табиғат сенің қорғаның, қорғаныңды қорғай біл
• Береги сохрани природу земли
• Let is care nature!
Let is love nature

Жүргізуші: Ақбота
Батыстан толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь - Шань тауларына дейін Ұланғайыр жерді алып жатқан тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.
Жүргізуші: Әліби Ия Ақбота -Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.


1 - оқушы: Қалампыр
Қазақстан - туған өлкем.
Жер көппе сендей көркем.
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпем.
2 - оқушы:Раймбек
Көз алдыңда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалғып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам.
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
3 - оқушы: Гүлназ
Тасып жатқан өзендер жағасынан.
Сары белде сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге.
Қазақтың қасиетті даласынан.
4 - оқушы: Қалампыр
Кең дала көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін басқан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне, сол анам еді мені тапқан.
5 - оқушы: Сара
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным.
О туған жер, тамашасың, көркемсің.
Ән «Туған жер»
Жүргізуші: Ақбота Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.
6 - оқушы: ЕРбол
Туған жер - алтын бесік, асыл - анам,
Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.
Мендағы ұлың едім, өзің тектес,
Алысқа несібесі шашыраған.

7 - оқушы: Ж.Мадина
Табиғат қызығам сан суретіңе,
Бас ием сенің алып құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы күллі әлемге нұр таратып.
Жүргізуші: Әліби Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалар өте көп. «Жері байдың елі бай» деп тегін айтылмаған.

1-оқушы: Ернұр Табиғат- адам баласынын дүниеге келтіріп,бойындағы бар махаббат мейірімін,күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы орта.
2-оқушы: Аянат Табиғат- адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлем. Табиғат-әлем денсаулығының сақшысы,жаңға дауа шипагер.

Кең дала көремісің сонау жатқан
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.
Асқар тау,айдын шалқар, көл,өзен,
Әке,сол анам еді мені туған.
Ән: ............................................................................
5-оқушы: Қалампыр: Табиғаттың басты байлығы-жер. «Күте білсең, жер-жомарт» деген халық мақалы тектен-текке айтылмаған. Жер бетіндегі тіршілік атауы қоректік нәрді топырақтан алады.
Топырақтан өмір исі шығады
Оны денен тиіп кетсе ұғады.
Еңбегінді есесінен беретін.
Жақсылықта топырақтан шығады.
6-оқушы: Гүлназ Тіршілік атаулының өмірлік өзегі,арманы-таза ауа.
Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат,сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен
Ауа қымбат,алатұғын дем қымбат.
7-оқушы: СараТабиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су. Су-адамзаттың тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Су –адам жүрегіне жыр,көңіліне нұр,сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе?
8-оқушы: Ж.Мадина Табиғат-ол өсімдік. Өсімдік-бүл жасыл желек,көк майса құрақ,қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде-сусын,ыстықта көлеңке сая,суықта пана, ауырғанда-дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі-гүл. Өсімдік таза ауа,еліміздің дәулеті-жасыл-желек орман.
9-оқушы: Раймбек: Табиғат –ол жануарлар әлемі .Жүгірген аң,ұшқан құс, ән мен сәннің иесі-бұлбұл,орман-тоғай емшілері- тоқылдақ болса, дала ажары- ақ бөкен.
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақбөкенді,
Адамның баламсынын кем көрмедім. ( Сәкен Сейфуллин)
10-оқушы: Аянат
Ал, су аруы- аққу. Аққу тәбиғатымыздың сәні емес пе?
Аққулар, аққулар мойын сүмбе қанат,
Алансыз тарануда күнге қарап.
Тарақ етіп тұмсығымен тарайды кеп,
Тарайды кеп,тарайды қауырсынын.
Аққулар,аққу мойын сүмбе қанат.

Көрініс.
(Мылтық асылған аңшы жан-жағына қарайды,ұшып келе жатқан 2 аққуды көреді де біреуін атады. Тосыннын бір адам шығады).
Ей, кімсің?
Тірісің бе? Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың, арың бар ма?
Таста қаруынды!
Кел бері,кеуденде жаның бар ма?
(екінші адам) Тиме аққуға!
Мендейлердің атын ал,түйесін ал.
Тиме аққуға! Аққудың иесі бар.
Мендейлердің затың ал, биесін ал.
Тиме аққуға! Аққудың киесі бар.(Аққуды көтеріп алып кетеді).
(бірінші адам) Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудын әні қалқып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам,
Жатамын көк шалғында жаным балқып.


Көрініс:
Атақты батыр Ханкелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда «Сәлем беріп батасын алып қайт» деп Төле биге жұмсапты. Төле биге сәлем беріп, елдің сәлем сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар сәтте, дана қартқа мынадай сауал қойыпты.
Райымбек: ( оқушы )
Жер дегенім немене?
Ел дегенім немене?
Жер сәні деген немене?
Ел сәні деген немене?
Жер құты деген немене?
Жерді не көтереді?
Елді кім көтереді?
Төле би: (оқушы)
Жер дегенің - тіршілік,
Ел дегенің - қара халқың,
Жер сәні - ұшқан құс пен жүгірген аңы, аққан суы, жайқалған
шалғыны, ну орманы.
Ел сәні - өркендеп өскен ұлы мен қызы.
Жер құты – қойнауындағы кені.
Жерді су көтереді,- деп жауап берген екен.
Мұғалім: Расында жер - елдің тұрақты мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірер ордасы. Сондықтан да балаларымыз « Жер тіршілік», «Жер - қазына» деумен бірге, «Жерқазынаның басы, мол - байлықтың көзі, батыр - ел сақшысы.» Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер - мәңгілік деп даналық ой түйе білген
1-оқушы: Сара
Табиғат, сенде бәрі ортақ,
Аспаның, күнің, айың да.
Тегінде жаның жомарт-ақ,
Ізгілік жатыр бойыңда…
Игілікке әрі толысың.
Алалауды әсте білмейсің,
Сүйемін сені сол үшін.
Жалпыға тек сен бірдейсің
2-оқушы: «Әлиби»
Замандасым,ең алдымен досыңды ұқ,
Досың-жер, мөлдір ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын
Осыларды қорлау деген-не сұмдық?
Білсең егер, табиғатта зор мән бар,
Онда аң, құс, жануар, ормандар.
Жерің, суың, таза ауа қажетті,
Шын жүректен оны сендер қорғаңдар!

3-оқушы: «Гүлназ»
Табиғат-әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.
4-оқушы: «Б.Мадина»
Табиғат адам үшін жаралыпты,
Бар қызық табиғаттан таралыпты.
Адам мен табиғат егіз .
Табиғат-асыраушың, қамқоршың.
5-оқушы: Ернұр
О,Табиғат, тіршілікке ұйық болған мекенім,
Құшағыңнан нәр алып мұратыма жетемін.
Алақанда аялаймын ұл-қызыңдай үйдегі,
Азаматтық борышым-қорғаушың боп өтемін.
6-оқушы: Темірлан
Табиғат-біздің анамыз,
Жер-ана болар панамыз.
Табиғатты қорғаймыз,
Бар күшті біз саламыз.
7-оқушы: Ербол
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті,ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

10-оқушы: Б.Мадина
Табиғат- ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Жазда аралап тауын да,
Барамыз біз бауына.
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында.
11-оқушы: Гүлназ
Әй, табиғат,
Шеберсің-ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің,
Ұланғайыр байлығыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің?!
12-оқушы: «Ж.Мадина»
Орман іші тамаша,
Жұпар ауа, ақ бұлақ.
Ойнайды аңдар балаша
Көк шалғында шапқылап.
Аң мен құстар таласа
Мекендейді орманды.
Соларға арнап жасаған
«Қорық» дейді сол маңды. Балалар Қазақстанда қанша қорық бар атап жіберейікші? (оқушылар кезекпен 10 қорықты атап шығады.)
Олар: Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжың, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл, Қаратау.
Жүргізуші: Ақбота
Құрап жойылуға жақындаған жануарлар, құстар, жәндіктер, өсімдіктер, балықтар, қосмекенділер мемлекет қарауына алынып отыр. Мұндай жерлерді қорық дейді
11-оқушы: Әліби
Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында 1974 жылы Қазақстанда «Қызыл кітап» шықты. Қызыл парақтарына- жойылып кету қаупі бар жануарлар енді.Ақ парағына- саны азайған жануарлар мен өсімдіктер енді.Жасыл парғына-қайтадан аяласа қалпына келетіндер енді.

12-оқушы Қалампыр
Табиғат- күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым. Өйткені адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы болса, адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр.
13-оқушы: : Ж.Мадина
Табиғат-нағыз сұлулықтың ортасы. Оны түсінген адам қуаныш көзі ретінде сақтауы керек. Табиғат-емші, денсаулық көзі. Біздің кең байтақ жерімізде табиғаты сұлу, ауасы таза, суы дертіңе ем болатын қаншама жерлер, шипажайлар бар.
14-оқушы: Ербол
Қазақ халқы- табиғатты аялаған халық. Ата-бабамыз табиғатты қорғау туралы әртүрлі құнды сөздер қалдырып кеткен.Мысалы: «Сулы жер-нулы жер», «Құлазыған шөл жетім, құс қонбаған көл жетім».
Балалар табиғатқа байланысты қандай ырымдар мен тыйымдар сөздерді білесіңдер айтайықшы?
«Көктей соласың» деп жамандыққа жорып көкті жұлғызбайды.
«Қарғысы қатты» деп жарғанат пен жапалаққа тигізбейді.
Құмырсқаның илеуін бұзғызбайды.
«Киелі құс» деп аққуды атқызбайды.
«Тырна жылы жақтан ұшып келсе, жаз болғаны, қаз қайтса-күз болғаны» деп есептейді.
Көкек келсе-көктем.
Аспанда жұлдыз көп болса, күн жылы болады .
Ұя бұзба
Суға түкірме
Жас шыбықты кеспе
Аққуды атпа
Аянат
Ауа ластанбай,
Көліміз тартылмай,
Суымыз лайланбасын десек,
Хормен:
Табиғатты қорғайық!

Ал олай болса балалар біз тура ортамыздан екіге бөлінейік: сөйтіп тапсырмаларымызды алайық
1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан ба-лаларды көрді-де, тұрып қалды…
Сұрақ:
1. Арман не істеді деп ойлайсыңда?
2. Арман қандай бала?
3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?
2-жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…
Сұрақ:
1. Серіктің әрекеті қандай болды деп ойлайсыңдар?
2. Серіктің бойынан қандай қасиеттер көруге болады?
3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?

Сұрақ – жауап. (топтарға ауызша сұрақтар қою.)

* Адам өміріне не қажет?
* Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады?

* Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
* Тірі табиғатты ата.

«Сыңарын тап» ойыны
Мұнда мақал - мәтелдердің сыңарын табуы керек.
• Сәуір болмай,......... (тәуір болмас)
• Ағаш тамырымен мықты,
(Адам досымен мықты)
• Жауынмен жер көгереді,
(Батаменен ел көгереді )
• Таулы жер бұлақсыз болмас,
(Сулы жер құрақсыз болмас)
• Қыстағы қар – жерге ырыс,
(Жердегі ылғал – елге ырыс
Тапсырма № 1. Берілген сөйлемдерді жалғастырып, өз көңіл-күйлеріңнің қандай болатын- дығын айтыңдар.
1. Жайнаған гүлдерді көргенде…
2. Сынған бұтақты көргенде…
3. Толқыны тербеліп тұрған теңізді көргенде…
4. Жарқыраған күнді көргенде…

— Ал ендеше, балалар, табиғат туралы жұмбақтар білесіңдер ме?:
Жұмбақ шешу.
Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)
Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн)
Бір нәрсе бетінде жоқ, ой менен қыр,
Өзіңнің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. (глобус)
«Айт» десе, жүгірмес,
Су тисе, сілкінбес. (шөп)
Жазда жатсаң — көлеңкесіне алады
Қыста жақсаң — жаның рахат табады. (ағаш)
Ал, біз болашақ ұрпақ табиғатты қалай қорғап,сақтап қаламыз?
-«Бір ағаш кессең,он ағаш ек» - «Жасыл ел» бағдарламасына ат салысамыз.
-«Судың да сұрауы бар»- суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз,ластамаймыз.
-Орман,тоғайды,бақтарды күл-қоқыстан тазалап,өрттен қорғаймыз.
-Аң,құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз,қамқорлық жасаймыз.
Қорытындылау:
Адам өмірі табиғатпен тікелей сабақтас әрі тығыз байланысты. Олай болса, сол Табиғат-Ананың алдында әркім өзінің перзенттік борышын ұмытпағаны жөн. Табиғат-Ананы сүйе білу, оны аялау- адамның борышы және парасатты парызы. Біздің қазақ халқының табиғатқа, туған жерге деген жанашырлық сезімі ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған. Біз өзіміз осы туған табиғаттың төл перзенті екенімізді ұмытпайық!
Атамекен-жанға жайлы саябақ,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен ақ сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.
Ән. «Табиғатым». Хор.

Балқашым құт мекенім, өскен елім,
Арқарлы құм белесі асқар белі
Айдынды мұз мұхиты болмаса да
«Іледей» ерекше ыстық өзені бар.
Өзегі өлеңімнің сен ғанасың
Кім жатырқап, жек көрер өз баласын.
Жерің жастық, шалғының көрпе болып
Үйреткен табиғатың сөз данасын –
Би. «Туған жер»

Осымен «Туған жер, тал бесігім» атты кешіміз сағатымыз аяқталды
Табиғат жүрекке жылы,көңілге қонымды терең мағыналы сөз, ұлағатты мол ұғым емес пе? Табиғатсыз өмір жоқ.Ол бар байлықтың көзі, адам өмірінің негізі. Табиғат - бізді қоршаған дүние. аспан,жер,тау, су, жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашанда табиғат әсемдігіне,сұлулығына тамсанып таңданған, қуанып шабыт алған және қамқорлық жасаған.
Туған жеріміздің табиғаты адам айтқысыз әсем әрі бай. Ұшы қиыры жоқ теңіздей шексіз дала, неше алуан шөп, қызыл жасыл шөп өрнектеп кілем жайғандай. Табиғаттың ғажайып көріністері адам жанын үйлесімділікке, жарасымдылыққа шақырып тұрғандай. Туған жеріміздің табиғатын аялап, гүлдендіру өз қолымызда.
Адам табиғатынан сұлулықты, әдемілікті үйренеді. Ол үшін адамға табиғатты тану, сезіну және оның ерекше екенін терең түсіну керек. Адам табиғаттың сұлулығын әсерлі сөзбен, сырлы өлеңмен, ғажап суреттермен жеткізе алады. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын сақтауға көмектеседі.

Сабақты қортындылау кезеңі: «Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.
Гүлдей бер, Жер-Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің жарық болсын!т.б.
Хормен :
Табиғат сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!
























Ал, біз болашақ ұрпақ табиғатты қалай қорғап,сақтап қаламыз?
-«Бір ағаш кессең,он ағаш ек» - «Жасыл ел» бағдарламасына ат салысамыз.
-«Судың да сұрауы бар»- суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз,ластамаймыз.
-Орман,тоғайды,бақтарды күл-қоқыстан тазалап,өрттен қорғаймыз.
-Аң,құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз,қамқорлық жасаймыз.

13-оқушы: Табиғат- адам баласының дүниеге келтірген аяулы-ана,бүкіл тіршілік атауының алтын үясы және аялы бесігі,құтты қонысы мен өніп-өсер мекені.
Табиғатты сүйіндер
Сүю үшін біліңдер.
Қамқорлық жасау жолында
Жанды салып күйіндер.
Апаттан оны сақтандар
Ебін тауып баптандар.

Сабақты қортындылау кезеңі: «Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.
Гүлдей бер, Жер-Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің жарық болсын!т.б.
Хормен :
Табиғат сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!



Тамаша ғой
Бүгін сен
Табиғатқа жүгінсең.
Құлақ түріп,
Көз тігіп,
Төңірекке үңілсең.
Еріп бұлттың ырқына,
Жоқ болады бір күн ай...
Табиғат та бір кітап,
Оқи алсаң шіркін-ай!
*Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?

- Табиғат! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады.

- Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым.

- Табиғатты қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.
ІІ кезең:
Жұмбақ шешу. Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)

Ал балалар, барлықтарыңызды ортаға шақырамын, бүгін Ә. Тәжібаевтің сөзіне, Е. Хасанғалиевтің әніне жазылған, Саят Медеуовтың орындауындағы «Бозторғайым» әнін орындаймыз.
Бозторғайым
Даланы мен де
Сүйемін сендей
Бауырмал құсым!
Назыңнан әсем
Сазыңнан әсем
Жаңылма, құсым
Тіршілікте, айнымасқа тағдыр қосқан
Құсы едің ғой кең далама бауыр басқан
Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым!
Тауқымет тартып,
Тарықпа, жаным
Қорықпа, жаным
Құшағымды ашып
Кеудеме басып
Берейін жалын!
Тіршілікте, айнымасқа тағдыр қосқан
Құсы едің ғой кең далама бауыр басқан
Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым!

Тапсырма № 1. Берілген сөйлемдерді жалғастырып, өз көңіл-күйлеріңнің қандай болатын- дығын айтыңдар.
1. Жайнаған гүлдерді көргенде…
2. Сынған бұтақты көргенде…
3. Толқыны тербеліп тұрған теңізді көргенде…
4. Жарқыраған күнді көргенде… Слайл № 19–22
Тапсырма № 2. «Іс-қимыл әрекеті»
Әр топқа берілген сөздерді қимылмен көрсету тапсырылады. Қалған топтар тауып айтады.
І топ: «Жаңбыр» ІІ топ: «Дауыл» ІІІ топ: «Ағаш» ІҮ топ: «Суық»
Көрініс: «Құмырсқаның қанағаты» ертегі желісімен.
— Балалар, осы құмырсқадан не үйренуге болады? Құмысқа қандай екен?
Жалпы, халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикамыздағы ең күрделі мәселелердің бірі.
Оқушылардың орындауында «Атамекен» әні.
Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер?
1. «Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» — жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз;
2. «Судың да сұрауы бар» — суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз, ластамаймыз
3. Орман-тоғайды, бақтарды күл — қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.
4. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.
5. Экологиялық үгіт — насихат жүргіземіз.
ІІІ. Қорытынды
Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тастал ған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.

Похожие публикации:

09 сентябрь 2017 Мектеп тарихы
09 сентябрь 2017 Мектеп мәліметі