"Жас орманшылар" үйірмесі » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)73-22-6-80
Есепші бөлімі:
+7(727)73 95-3-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас орманшылар" үйірмесі
26
ноябрь
2018

"Жас орманшылар" үйірмесі

"Жас орманшылар" үйірмесі

Балқаш аудандық білім бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі






Ерікті «Жас орманшылар» үйірмесі






Жетекшісі Ж.С.Абитбекова
Биология-экология пәнінің мұғалімі









2018 оқу жылы

«Бекітемін» ________ «Келісілген» __

Мектеп директоры Х.А.Иманбеков Мектептің оқу ісі жөніндегі
орынбасары Н.А.Бірлікбаева







Курс бағдарламасы

Ерікті «Жас орманшылар» үйірмесі
5- сынып Балқаш аудандық білім бөлімінің
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен»мкм
Бура ауылы



Бағыты Экология


Құрастырушы:
Жазира Абитбекова
Биология-экология пәнінің мұғалімі




Отырыста қаралған және бекітілген:
Бірлестік отырысы хаттама №
«__»______________2017 жыл
Бірлестік жетекшісі_______ Ж.С.Абитбекова



Түсінік хат
Экологиялық білім-экологиялық сауаттылық барлығымыздың санамызда, жүрек түпкірінде туған жер, туған ел деген нәзік сезім кіндік қаның тамған, алғаш тәй-тәй басқан топырағыңа ерекше ықылас тудырады. Мектеп экологиясы адамның рухани әлемін қалыптастыруға және байытуға ықпал ететін пән ретінде аса маңызды. Экологиялық білім - өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен, зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады. Экология ғылымы өзінің зерттеу салаларын дамыта отырып, адам – қоғам –табиғат арасындағы қарым қатнастарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін, қоршаған орта, табиғат, тұрғын үй туралы ғылым.
Ерікті «Жас орманшылар» үйірмесіне табиғатқа жанашырлықпен қарайтын жас жеткіншектер тартылады.
Мақсаты: Жас ұрпақты туған жерінің табиғатын сүюге, ұқыпты қарауға, аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Экология ұғымы туралы, табиғат пен тіршіліктің арасындағы байланыс туралы білімдерін жетілдіру, практикалық жұмысқа дағдыландыру.
Міндеті:
1.Оқу үрдісімен салыстырғанда сыныптан тыс уақытта экологияның теориялық мәселелерін оқып үйренуге мүмкіндік туғызу;
2.Оқушылардың теориялық материалдарды меңгеруіне экологиялық және табиғат қорғау мәселелерін дұрыс бағалай алатын практикалық дағдыларын дамытуды ұйымдастыру:
3.Оқушылардың экологиялық түсінігін жетілдіре түсу үшін әрқайсысынан жеке мүдделеріне сәйкес көзқарастарын және іс-әрекеттерін іске асыруға мүмкіндік жасау;
4.Мемлекеттік орман қорғау қызметкерлеріне орманды өрттен , өз бетімен кесушілерден және орман шаруашылығың ережелерін бұзудан қорғау жөніндегі шараларды жүргізуіне көмектесу:
5. Ағаш отырғызу, тұқымбақтағы ағаштарды күтіп баптау, мектеп ауласы мен ауылдың көгалдандыру жұмыстарына тікелей атсалысу:
6. Халық арасында табиғатты қорғау идеясын насихаттау, табиғи байлықтың халық шаруашылығындағы маңызы туралы әңгімелер, лекциялар өткізу:
7. Экологиялық біліктіктерін дамытуға бағытталған кештер, апталық, топсеруен, танымжорықтар өткізу.
Ұраны: «Біз табиғатты қайта түлететін ұрпақпыз!»





Ерікті «Жас орманшылар» үйірмесінің жұмыс жоспары
Көзін ашып бақ өсір бұлағына,
Айналасы құтты қоныс тұрағына
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ,
Бөленер күннің нұрлы шуағына
Р.Сәтімбеков

Р/с Тақырыптың аты Сағат саны Мерзімі Өтілу түрі
1 Үйірме мүшелерін сайлау 1 Ұйымдастыру
2 Экология ғылымының даму тарихы. Ауызша түсіндіру
3-4 Табиғи ортаның қазіргі жағдайы 2 Лекция
5 Көкөністер мерекесін өткізу 1 Кеш
6 Табиғатқа топсеруен Танымжорық
7 Аға орманшы Б.Додабаевпен
кездесу 1 Әңгіме-сұхбат
8 Қоршаған ортаны қорғау 1 Лекция
9 №1 зертқаналық жұмыс Тұрмыстағы экологиялық қауіпсіздік 1 Топпен жұмыс
10 Қоршаған ортаның биологиялық ластануы 1 Лекция
11 №2 зертқаналық жұмыс
Адам және табиғат 1 Топпен жұмыс
12 Қоршаған ортаның химиялық ластануы 1 Лекция
13 Қоршаған ортаның радиациялық ластануы 1 Лекция
14 №3 зертқаналық жұмыс
Қауіпті қоқыстардан арылу жолдары 1 Топпен жұмыс
15-16 Су-табиғат байлығы. Бұлақ көрсең көзін аш. 2 Лекция
17-18 Табиғи судың ластануы және болдырмау жолдары 2 Лекция
19-20 Атмосфера ауасының ластануы,оның адамға, жануарларға, өсімдіктерге әсері 2 Талдау
21-22 №4 зертқаналық жұмыс
Өзіңді қоршаған орта ауасының ластанғанын анықтау 2 Топпен жұмыс

24 «Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау-ортақ міндет» Орманшылармен кездесу 1 Дөңгелек үстел
25 Орман - біздің байлығымыз
Орманды өрттен қорғау шаралары 1 Талдау
26 «Әр ауланың гүлденгені-Қазақстанның гүлденгені» гүлдер көрмесі 1 Көрме
27 «Құстар –қанатты достар» пікірсайыс 1 Топпен жұмыс
28-29 Құстарды бақылау және тәжірибе жасау, ұя жасау Топпен жұмыс
30 «Жасыл жапырақ» акция 2 Топпен жұмыс
31 «Таза жағалау» акция 1 Топпен жұмыс
32 «Табиғат байлықтарын сақтай білеміз бе?» кеш 1 Кеш
33 Тұқымбаққа саяхат 1 Танымжорық
34 Табиғатқа танымжорық 1 Танымжорық


Күтілетін нәтиже:
Жеке тұлғаның дамуына бағытталған бұл үйірменің маңызы өте зор. Оқушы алдына мақсат қоя отырып өз бетінше ізденіп, зерттеу, көру ,салыстыру, суретке түсіру, кеппешөп дайындауға машықтанады. Оқушыны іздене білуге, ойлана білуге, ұжымшылдыққа, еңбектенуге тәрбиелейді. Медицина, биотехнология, гендік инженерия, фармакология, селекция, агрономия, педогогика, инженерия мамандықтарына бағдарлайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Р.Сәтімбеков «Табиғат қорғау» Алматы 1992ж
2. «Тіршілік» журналы №3 1993ж
3. П.И.Мариковский «Забытые острова»М «Мысль»1991г
4. «Биология пәнінен дәстүрлі емес сабақтар» әдіст.құрал А.2001ж
5. «Биология Қазақстан мектебінде» журналы №1,2,5 2008ж








Алматы облысы Балқаш ауданы Бура ауылы
«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке
дейінгі шағын орталығымен» ММ.
Абитбекова Жазира Санақбекқызы
Биология-экология пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: «Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау-ортақ міндет»
Мақсаты: 1. Оқушыларға қазіргі таңдағы адамзат баласының алдында тұрған экологиялық проблемалар туралытүсінік қалыптастыра отырып экологиялық тәрбие беру.
2. Экологиялық мәселелер туралы білімдерін тереңдету.
3. Табиғатты сүйе білетін, қорғай алатын, жанашыр, патриот азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, табиғат көрінісі презентация флипчарт-слайд шоу-интерактивті тақтамен.
Сабақтың өтілу барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Дөңгелек үстел жанында
А.Нұрханов - Бақанас орман-аң шаруашылығы мекемесінің бастығы
Х.Иманбеков- мектеп директоры
Б.Додабаев -аға орманшы
Ж.С.Абитбекова – ерікті «Жас орманшылар» үйірмесінің жетекшісі
Ерікті «Жас орманшылар» үйірмесінің мүшелері.
Ерікті «Жас орманшылар» үйірмесінің жетекшісі Ж.С.Абитбекова -Айналадағы қоршаған ортаның әсері адам денсаулығын нығайтып , еңбекке деген ынтасын арттырады. Организмнің үйлесімді дамуына үйлесімді мүмкндік туғызып,бос уақытты тиімді пайдалануға ықпал жасайды.
Адам табиғат пен Жер-ананың төл перзенті. Табиғат тіршілік көзі,сондықтан табиғи заңдылықтарды бүгінгі таңның өзекті мәселелері және мақсаты табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың физиологиялық өсіп жетілуіне экологиялық мәдениеттің ауадай қажет екеніне жасөспірімдердің көзін жеткізу, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау барша адамның ортақ міндеті екенін ұғындыру.
Бүгінгі біздің бас қосуымыз бекер емес- бізді қоршаған табиғаттың құрылымы әлемдік тепе-теңдік заңы бойынша жұмыс істеп осы заңдылыққа бағынады. Табиғаттың бір тетігі немесе тармағы бұзылса, оны қайта орнына келтіру үшгін көп уақыт кетеді, әрі табиғаттың басқа саласына зиян келеді. Сондықтан табиғат қорғауда бір тұтас жүйе адам-қоғам-табиғат қатынасының қалыптасуын бағыттау керек. Бұл жүйе әрбір азаматтың табиғат құрылымы оның даму заңдылығы және табиғат пен қоғамның басқа да этикалық нормаларын білуді қажет етеді.
Ал олай болатын болса бәріміз «Табиғатты таза ұстайық адамзат» көрінісін тамашалап,талқылап өз ойларымызды ортаға салайық.
Тазалық науқаны жүрді соған қосқан үлесің?
Ернұр : Біз білетін 15 сәуір бен 15 мамыр аралығында көктемгі санитарлық тазалық айлықтарын өткізу дәстүрге айналған. Осы айлықты өткізу барысында мектебіміздің жанынан құрылған ерікті «Жас орманшылар» үйірмесінің мүшелері мектеп ауласында,ауылда көптеген жұмыстар атқарды Мектеп ауласын көгалдандыруға,учаскелерге гүлдер отырғызып күтіп-баптау жұмыстарын атқарады.
Әнел : Адамзат қауымының алдында бүгінде үш ғаламдық мәселе тұр бұл-әлемді , табиғатты, рухани құндылықтарды сақтау . Бұлардың барлығы да біздің әрі қарай дәулетті де сәулетті өмір сүруіміздің кепілі. Егеменді еліміздің ата – қоныс асыл мекенді қорғау керек. Табиғат тазалығын , қоршаған ортаны қорғауға әрбір азамат өзіндік үлесін қосуы қажет, ізгілікті істің негізі әр азаматтың өз үйінің ауласынан бастау алуы тиіс.
Бақанас орман-аң шаруашылығы мекемесінің аға орманшысы-Б.Додабаев өз сөзінде - «бірде жол түсіп Алматы қаласына бардым. Бір бойжеткен қыз жыртылған пакетке салынған қоқысты қолына алып келе жатқан, қарап тұр едім, қоқыс салынатын орынға екі – үш адым жетпестен лақтыра салды, лақтырған қоқыс жерге шашылып қалды, бірақ әлгі бойжеткен қыз оған мән бермей өз жөніне кете барды. Адамдардың бұл жолсыздығына кім шек қояды?»
Айсұлу: Көрмейік десек көзіміз бар біз әлі бала болсақ та Алматы қаласынан ауылға келе жатқанда көптеген жайсыздықтарды көзімізбен көреміз. Жол бойы шашылған бөтелке,пакеттер,қағаздарды көреміз. Әрбір адам саналы түрде табиғатқа жанашыр болса бұндай жағдайлар болмас еді.
Ерікті «Жас орманшылар» үйірмесінің топ басшысы:
«Тазалық денсаулық кепілі – саулық байлық кепілі» демекші егер адам баласы тіршілік ететін орта лас болып , кірге , күл-қоқысқа толы болатын болса , ондай қоғамның болашағы жоқ .
Тағы басқа әр-түрлі келелі ой- пікірлер айтылды .
Қортынды. Әрбір адамның өскен ортасы , туған жерінің барлық қадір – қасиеті оның бойындағы адамгершілік ақыл-ой парасаты мен тамырласып жатады. Табиғат тіршілік бастауы десек табиғатты аялау , қорғау әрбір адамзаттың ортақ міндеті екенін білуіміз қажет.

Кеше де , бүгін де , ертең де,
Табиғаттың қорғаушысы , тірегі де , көзі де.
Бір өзіңсің – адамдар
Болсын мәңгі есіңде!
(халық ауызынан)

Мен болашағымды қалай елестетемін
ӨТКЕН КҮННЕН АЛЫС ЖОҚ,
КЕЛЕР КҮННЕН ЖАҚЫН ЖОҚ
Қазақтың халық мақалы
Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтын қалай тез өтіп кететінін де байқамай қалады. Өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнынды таба білу емес пе?
Елбасымыз айтқандай «Болашақ – білімді жастардың қолында» демекші біздің болашағымыз өзіміздің қолымызды. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен сапалы білім алып, тәрбиелі азамат болып өсіп,өзіне лайық мамандық иесі атануымыз керек деп ойлаймын. Себебі әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар. Қазіргі таңда кез келген мамандықты өз қалауыңша таңдап, соны болашағыңа пайдалануға мүмкіндік те, жағдай да жасалған. «Мамандықтың бәрі жақсы, талғамыңа қарай таңдай біл» деген аталы сөз осыны білдірсе керек. Мысалға ұстаздықды алатын болсақ, Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны да бір, жаны да бір жолбасшысы – мұғалім» демекші, ұстаздық ең жоғарыда тұратын, өте құрметті де қадірлі мамандық. Кім де болсын, тіпті Елбасымыздың өзі де деп айтсам,асыра сілтегенім болмас, тәрбиенің ұшқындарын, білімді, өнерді алдымен анасынан одан соң әрине де ұстазынан үйренеді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, ұстаз алдындағы шәкіртің қандай жолға түсірсе, шәкірт сол бағытты өмір бойы ұстанып өтеді деп ойлаймын. Мені де сол ұстаз алдында алған білімімді егеменді елімнің ертеңі үшін қалай пайдаланам деген сұрақ мазалайды. Менің келешекте орман және су ресурстары маманы болғым келеді. Себебі, адам мен табиғат егіз. Сол егіз жаратылысқа кейде тең дәрежеде қарамай жатамыз. Мені ойландыратыны сау тәнің мен жаның болуы үшін таза табиғаттың қажеттігі. Табиғи ортаны көздің қарашығындай сақтап, елімнің экологиялық таза, әлем тамсанып қарайтын сұлу табиғатының келешекке мирас болуына өз үлесімді қоссам деймін. Бұған негіз болған тағы да ұстаздарымның тәлімі. Биология-экология пәнінің мұғалімі Жазира Абитбекова апайдың ұйымдастыруымен мектебімізде жұмыс жасайтын «Жас орманшылар» үйірмесінің белсенді мүшесі болуым.

Айдар Ернұр
9-сынып
Ерікті «Жас орманшылар» үйірмесінің мүшесі























Похожие публикации:

09 сентябрь 2017 .