І жарты жылдыққа атқарылған есебі » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)73-22-6-80
Есепші бөлімі:
+7(727)73 95-3-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
декабрь
2021

І жарты жылдыққа атқарылған есебі

Әлеуметтік педагогтың 2021-2022 оқу жылында І жарты жылдыққа

атқарған жұмысының есебі


Мақсаты: Оқушыларға тәрбие мен білім беру, оларды әлеуметтік қорғау, қамтамасыз ету. 


Міндеттері: 

1.Оқушылардың қызығушылықтар мен қажеттіліктерін, кездесетін қиындықтар мен мәселелерді, тәртібіндегі олқылықтарды, әлеуметтік ортаға беймділігі және әлеуметтік қорғау деңгейін анықтау;

2.Әлеуметтік көмек пен қорғаншылықты қажет ететін оқушыларға уақытымен әлеуметтік көмек көрсету;

3.Оқушылар мен отбасы, орта , әлеуметтік қызметтерімен байланыста болу;

4.Оқушылардың құқықтары мен тұлға бостандығын қорғау;

5.Оқушылардың мектепте, жанұясында, қоршаған ортада тұлғасына қауіпсіздік пен психологиялық жайлы жағдай жасауына көмектесу;


Жұмыс объектісі - оқушылар, олардың ата-аналары және отбасылары.

Оқушылардың әлеуметік жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілген жұмыстарға тоқталатын болсақ:

Мектептің әлеуметтік төлқұжаты

І  жарты жылдықтың соңы


Жалпы оқушы саны 0-11


Жалпы оқушы саны 1-11

78

Бастауыш сыныптар 1-4

23

Көп балалы жанұя саны

14/35

Аз қамтылған жанұядағы бала саны 1-11

5

Жетім балалар саны

0

Тегін тамақ ішетін балалар саны 1-4

5

Тегін тамақ ішетіндер саны- 5-11

6

Мектепте тегін тамақтанатын оқушылар саны

11


Әлеуметтік педагогтың жұмысының бір бөлігі, өз құзырлығының шеңбері бойынша көмек қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау, оларға тиісті педагогикалық, психологиялық, материалдық көмек көрсету және консультациялар беру.

Оқу жылының басында барлық сыныптардың әлеуметтік төлқұжаты жасалынып, жиналған мәлімет сараптамадан өткізілді.

Тамыз-қыркүйек айында оқушылардың құжаттары тексеріліп, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар саны, көп балалы отбасының балалары анықталып, әлеуметтік құжаттары толтырылды. Барлық аз қамтылған АСП алмайтын отбасынан шыққан оқушылар саны – 5, көп балалы отбасының саны 35 болды.

Қазіргі кезде мектебімізде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан, толық емес отбасынан- 47  оқушы білім алуда. Олардың ата-анасынан айырылған, қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы балалар саны – 0 оқушы, 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғындардың назарын аударту, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, сондай-ақ қорғаншылықтағы және асыраушысынан айрылуына байланысты толық емес отбасынан шыққан балаларға жаңа оқу жылында қолдау көрсету мақсатында 1 тамыздан бастап жалпы Республика бойынша жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды.

Біз де бұл акция аясынан тыс қалмадық. Жыл сайын «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»  үлкен көлемде өтуге ат салысып келеді.  Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен акцияға мектеп бірлестіктері, ауыл әкімшілігі, жеке кәсіпкерлер, оның ішінде «Лаура», т.б. дүкендері түгелдей қатысып, өз үлестерін қосты. Осы мекемелердің қатысуымен І жарты жылдықта мектебімізде білім алатын 14 оқушыға демеушілік көрсетілді. Оларға жаңа оқу жылына керекті оқу-құралдармен, мектеп формасымен және спорттық киімдермен қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысына сәйкес мектептегі әлеуметтік көмек алуға құқығы бар оқушылардың барлығы мектеп кітапханасының кітаптар қорынан оқулықтармен қамтамасыз етілді.

 «Қош келдің Жаңа жыл!»  атты аудандық әкімнің шыршасына көп балалы  отбасынан 6-сынып оқушысы Онқоныс Меруерт қатысты. Онлайн өткізілген шараға оқушы жыр жолдарын оқып, құттықтауын жолдады. Аудан әкімнің   сыйлықтары мен тәттілеріне рақметін айтып, риза болды.

Бұған қоса, мектептегі аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар күніне бір рет 5 күн асханадан тегін ыстық тамақ ішеді. 2021-2022 жаңа оқу жылында тегін ыстық тамақ беруді жеке кәсіпкер «Нұржан» қолға алған болатын. Жалпы оқу жылының басында аз қамтылған, көпбалалы отбасы, толық емес отбасы балаларды қосқанда 11 оқушыны қамтып отырмыз және жалға алушының есебінен 5 оқушы тегін тамақ ішеді. Оқушылардың тамақ ішу кестесі асхана тақтасында ілінген. Оқушылар сол кесте бойынша сынып жетекшілерімен бірге тамақтануға уақытында келіп, тамақтанып жүр. 

Мектебімізде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына байланысты бұйрық шығарылып, іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балалары мектептен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша

балалардың мектепке бармауын алдын алу. Мұғалімдер рейдке көше аралауға шықты. Рейд барысында мектепке келмей жұмыс істеп жүрген оқушылар анықталған жоқ.

       5-11 сынып оқушыларымен «Жүрек жылуы –балаларға» атты шара өткізді. Мақсаты: Оқушылардың           санасына мейірімділік,          қайырымдылық  ұғымдарынқалыптастыру. Оқушылардың мейірімді сөздер айту қабілеттерін арттыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу болып табылады. Шара тренинг арқылы басталып, оқушылар өз ойларын ашық айтып, жылы жүректі адам қандай болады, жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма? -деген сұрақтарға жауап қайтарып белсене араласып отырды.