"ТӘУЕЛСІЗДІК- ҚОЛЖЕТКЕН АРМАНЫМ" » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)73-22-6-80
Есепші бөлімі:
+7(727)73 95-3-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
декабрь
2020

"ТӘУЕЛСІЗДІК- ҚОЛЖЕТКЕН АРМАНЫМ"

"ТӘУЕЛСІЗДІК- ҚОЛЖЕТКЕН АРМАНЫМ"
16 Желтоқсан. Иә. Бұл күн талай қазақтың денесін дір еткізер күн. Себебі 1986 жылдың 16 Желтоқсанында Қазақ бозақтары, Қазақ халқы үшін жанын пида еткен күн. Тұрар ағамыз алаңға Қонаевты сайлаңдар деп емес, Қазағымның қара көз қыздарын, шаршатынан сүйреп, ұрып жатыр деген соң қара көз қарындастарым үшін шықтым деген, бүгінде Ләззат, Тұрар, аға-әпкелеріміздің арқасы. Тәуелсіздігімізге 29 жыл болды. Бүгін қаралы күн, қыршын кеткен бозақтарды еске алар күн, қазіргі ұрпақ сол аға-әпкелеріміз барған батылдық пен өжеттілікке бара алмайды. Қазіргі ұрпақ тек бірінен бірі озуды, бірін бірі жамандауды, бірін бірі боқтауды ғана біледі... Сол аға-әпкелеріміз көрген қиындықты қазіргі ұрпақтың басына берсе олар оған шыдамайды, ал бұрынғы аға-әпкелеріміз шыдады, жауға қарсы тұрды, соның бәрі осы ұрпақтың қамы үшін, осы келешек ұрпағымыз ешкімге алақан жаймай, ешкімге бағынышты болмай, тәуелсіздік бейбіт өмір сүрсінші деп өз жандарын құрбан етті. Бірақ қазіргі таңда сол аға-әпкелеріміздің төккен қандарына лайық болар жастар жоқ, үміттерін ақтар жастар жоғы өкінішті. Бұл қанды соғыз басымызға бермесін. Осы күнімізге көк аспанды көргенімізге ата аналарымыз, аға, әпкелеріміз, қарындастарымыз, бауырларымыз аман болсын деп шүкіршілік жасайық. Тәуелсіздігіміз құтты болсын🇰🇿. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.