Ата- аналарға арналған жадынама » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)73-22-6-80
Есепші бөлімі:
+7(727)73 95-3-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата- аналарға арналған жадынама
07
март
2022

Ата- аналарға арналған жадынама

Ата-аналарға арналған жадынама

Құрметті әкелер мен аналар!

Егер де Сіз тек қана бүгінгі күнмен емес, ертеңге деген сеніммен қарайтын адам болсаңыз, бұл естелік балаңызбен жылы қарым-қатынасты сақтауға көмектеседі. Баламен жанды қарым-қатынасты ешқашанда үстел үстіндегі балаңыздың фотосына алмастырмаңыз!

Сіздің балаңыз бен отбасыңыз- өміріңіздегі ең басты құндылық екенін ұмытпаңыз!
Балаңызға өзіңіздің жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз туралы айтып отырыңыз.
Үйде балаңызбен қарым-қатынас барынша жиі болуын қамтамасыз етіңіз!
Жұмыстағы/ сырттағы келеңсіз жағдайларды балаңызбен қарым-қатынасқа аудармаңыз.
Балаңызбен әңгімелесуді көңілді түрде жүргізуге тырысыңыз.
Күнделікті алған бағасын ғана емес, бүгінгі күннен алған әсері мен жолдастарымен байланысындағы көңіл-күйі жайлы да сұрастырыңыз.
Егер қолыңыз босаған жағдайда оның достарымен танысып, араласуға жұмсаңыз.
Кешіңізді теледидар көру, мағынасыз телефонмен сөйлесулер, кір жуу мен үй жинауға кетіре бермей, балаңызбен ең маңызды, ең қымбат мәселелер жайында құшақтасып отырып әңгімелесіңіз.
Балаңызды жан-жақты бақылаңыз, оның ішкі жан дүниесімен танысыңыз, қолыңызды мезгілінен кеш сермеп қалмаңыз!
Орындалмаған уәдеңіз үшін баланы сыйлық әперумен алдамаңыз: уақыт өте келе ол Сізді емес, сыйлықты ғана күтетін болады.
Балаңыздың сөзін бөлмеңіз, тоқтатпаңыз, асықпаңыз, оны мұқият тыңдауға тырысыңыз!
Есіңізде сақатаңыз! Бүгінгі күні балаңыздың Сізбен қарым-қатынасынан айырсаңыз, қартайғанда өзіңізбен қарым-қатынасын үзесіз деген сөз! Есте сақтаңыз: Өмір-бумеранг, бумеранг қайта айналып келеді!